28 қаңтар балабақшамызда "Педогогикалық SABAQTASTYQ" жобасы аясында ұйымдастырылған "Баланың мектепке бейімделуі" атты семинар өтті. Мақсаты: Бастауыш сынып мұғалімдерін болашақ оқушыларымен таныстыру. Мұқағали Мақатаев атындағы 74 мектеп гимназиясы мен Мұхтар Әуезов атындағы 86 мектеп гимназиясынан бастауыш сынып мұғалімдері келді. Мектепке дейінгі жастағы балалардың топтық жұмысқа қарым-қатынас жасауға және мектептегі өмірге бейімделуіне арналған ойындар мен әдістерді көрсетті. Семинар балабақшадағы бүлдіршіндердің өнерін тамашалаумен басталып, ұйымдастырылған іс-әрекетімен жалғасты. Мектептен келген бастауыш сынып мұғалімдері балалардың іс-әрекеттері мен алғырлықтарына сүйсініп, тәрбиешілердің жұмысын жоғары дәрежеде бағалап, риза болып тарады.


